Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды

Ақорда
Фото: Ақорда 22.12.2022 1148

Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.

Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды.

Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға