Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 01.05.2023 16:15 1857

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, лебізін жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы өзбек басшысы Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының дәлелі екенін атағаны айтылды. 

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады.

Мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ президенттер алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға