Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады
Фото: Ақорда 25.06.2024 12:32 294

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға