Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Юн Сок Ёльмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Юн Сок Ёльмен кездесті
Фото: t.me/aqorda_resmi 20.09.2023 09:00 979

Әңгімелесу барысында қазақ-корей стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында достық қарым-қатынастар орнағанын және қарқынды дамып келе жатқан экономикалық байланыстардың маңызы зор екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті екіжақты тауар айналымы былтыр 6 миллиард доллардан асып, тұрақты өсім байқалып отырғанын айтты. Сонымен қатар корей компанияларының Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының жалпы көлемі 8 миллиард доллардан асып, еліміздегі ең ірі 10 инвестордың қатарында нық тұрғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 700-ден астам кореялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Мысалы, еліміздің нарығында KIA, Hyundai, Samsung, LG және басқа да компаниялар белсенді қызмет етіп жатқанын айтуға болады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев сирек металдар өндірісін, атом энергетикасын дамыту салаларындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына тоқталды.

Корея Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Оның айтуынша, кореялық компаниялар машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, атом энергетикасы салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды кеңейтуге және жаңа жобаларды қолға алуға ерекше қызығушылық танытады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға