Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатыса ма

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатыса ма
Фото: Ақорда 03.01.2024 08:46 126

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қатысты болжамды референдум өткізу туралы қауесеттерге және оның 2026 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысу ниетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында «бұл жалған ақпарат» деп баса айтты.

Ақыры осы тақырып қозғалған екен, бұған қатысты кейбір жайтқа кеңірек тоқталып, мән-жайын аша кетейін. Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін, осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде көп ойладым. Суперпрезидентке тән өкілет­тік­терді жою үшін 2022 жылы Консти­туцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға