Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария халқын ұлттық мерекесімен құттықтады
Фото: t.me/aqorda_resmi 03.03.2024 11:11 1146

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.

Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға