Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды
Фото: baq.kz 26.11.2022 13:04 1200

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімінде айтылған мәселелер бойынша бірнеше жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға