Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы неліктен екіге бөлінгенін түсіндірді

Бұл туралы Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы неліктен екіге бөлінгенін түсіндірді
Фото: Ақорда 20.10.2022 10:08 1100

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды El.kz

«Жетісу облысының стратегиялық мағынасы баршаға белгілі, тарихы да терең. Киелі топырақта Балпық би, Қабан жырау мен Молықбай қобызшы дүниеге келген. Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты ардақты азаматтарымыз өсіп-өнген. Сондай-ақ, қасиетті жерден Әбілхан Қастеев, Ғали Орманов, Мұқан Төлебаев, Әнуар Әлімжанов сынды төл мәдениетіміздің көрнекті өкілдері шыққан. Ел ішінде бұл аймақты «Жетісудың жеті кереметі», «Жер жаннаты Жетісу» деп бекер айтпаған», - деді Мемлекет басшысы кездесуде.

Оның айтуынша, бұрынғы Алматы облысының жер көлемі тіпті үлкен болды.

«Біз жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін облысты екіге бөлдік. Бұл – мұқият ойланып жасалған қадам. Себебі, бұл, ең алдымен, тұрғындар үшін қолайлы екені анық. Қазір Жетісудың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыруға бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл шешім аймаққа инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз да – осы», - деп атап өтті Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға