Жаңалықтар

Қашанға дейін соза беруге болады? Сұлтанбаев көліктерді заңдастыру жайлы

Қашанға дейін соза беруге болады? Сұлтанбаев көліктерді заңдастыру жайлы
Фото: © ОКҚ 15.08.2023 17:06 800

«Шетелден келетін автокөліктерді заңдастыру мерзімі созыла ма?» деген сұраққа Әкімшілік полиция комитеті басшысы Қайсар Сұлтанбаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бері қанша уақыт өтті? Бір жыл өтті. Заңдастыруға бір жыл уақыт бердік. Осы уақыт аралығында тіркеп үлгеретін кездеріңіз болды ғой. Мәселе неде? Қашанға дейін соза беруге болады? Біз 1 қыркүйекке дейін уақыт берейік, заңдастырып үлгерсін дедік. Егер осыған да үлгермесе, заң шеңберінде шара қабылдауымызға тура келеді. Енді біз басқа не істей аламыз? Оларға заңды бұзғызып қоюымыз керек пе? Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға