Жаңалықтар

Қашағанда газ өңдеу зауыты салынып жатыр

Қашағанда газ өңдеу зауыты салынып жатыр
Фото: ОКҚ 02.06.2023 18:31 626

QazaqGaz Қашаған кен орнында қуаты жылына бір миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл - Ұлттық оператор үшін газ өңдеу зауытын салудағы алғашқы тәжірибе. Себебі, аталған кен орнында күкіртсутектің көп мөлшері мен жоғары қысым бар.

Қазіргі уақытта аталған жоба графикке сәйкес іске асырылуда және Министрліктің бақылауында. Зауыт 2025 жылы пайдалануға берілуі мүмкін, - деді министр.

Министрдің айтуынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы ҚазГӨЗ зауытының базасында жаңа газ өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылданды.

Зауыт 2025 жылы пайдалануға беріледі. Бүгін мердігерді таңдау үшін тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Жаңа зауыт құрылысының мақсаты ескі зауыттың апатқа ұшырауын болдырмау. Тауарлық және сұйытылған газ өндірісін айтарлықтай ұлғайту жоспарланбайды, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының базасында жаңа газ өңдеу қуаттарын салу жоспарланып отыр. Ол жылына сегіз миллиард текше метр шикі газ өңдей алатынын айтты.

Бұл ауқымды жобалар осы өңірлердің және жалпы республиканың экономикасына серпін береді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға