Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі «Заң және тәртіп» нарративі аясында қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына арналған мультфильмдер циклын іске қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін Балаларды қорғау күніне орай, қалың көрермен арасында танымал «Қошқар мен Теке» мультфильмінің алғашқы сериясы жарыққа шықты.
Алғашқы серия қаржы пирамидалары тақырыбына арналады. Балалар сүйіп көретін кейіпкерлер көрермендерге алаяқтық схемаларды қалай анықтап, өздерін және жақындарын қаржылық алдаудан қалай қорғауға болатынын түсіндіреді.
Мультфильмдер циклы балалар аудиториясына бағытталған және өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыруды мақсат етеді.
Келесі бөлімдерде лудомания, дропперлер, интернет-алаяқтық, заңсыз микроқаржылық ұйымдардың қызметі сияқты маңызды тақырыптарды қозғайды.
Айта кету керек, анимациялық туынды кәсіби мультипликаторлардың қолдауымен жасалды.
Мультфильмнің тұсаукесері бүгін 1 маусым күні жетекші телеарналар мен Агенттіктің ресми әлеуметтік желілерінде көрсетіледі.
Мультфильмге сілтеме: https://youtu.be/P8dMVi0Bv0c?si=BdKORoK0MHsIJ8qB
Қаржылық мониторинг агенттігі балаларға арналған мультфильмдер циклын іске қосты
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?