Жаңалықтар

Қаржы министрлігі үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды талқылауға ұсынды

Қаржы министрлігі үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды талқылауға ұсынды
Фото: Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі 06.10.2023 03:41 336

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жоба бұйрығын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұйрық жобасында «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіруді көздейді.  Соған сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде оларды қабылдау күндерін көрсету талап етілмейді.

Сондай-ақ, бұйрық жобасында екінші деңгейдегі банктерден және бақылау-кассалық машина моделінің құқық иеленушісінен үш компонентті интеграцияланған жүйе моделіне бақылау және төлем компоненттерін қосу кезінде келісім алу бөлігінде толықтыру көзделеді. ҮИЖ сауда процестерін есепке алу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінің барлық объектілері бойынша тауарларды есепке алу үшін қолданылатындығына байланысты салық төлеушінің орналасқан жері бойынша ҮИЖ тіркеуді өзгерту көзделеді.

Бұйрықтың бұл жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14736629 интернет-порталында 2023 жылғы 3 қазанда орналастырылған. Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 17 қазанға дейін созылмақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға