Жаңалықтар

Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық орталығында шахматтан турнир өтті

Турнирге отыздан астам қатысушылар қатысты Қорғаныс министрлігі
Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық орталығында шахматтан турнир өтті
Фото: ҚР ҚМ 25.03.2023 18:59 880

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен «Жас сарбаз қозғалысы тәрбиеленушілері арасында шахматтан алғашқы республикалық турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Jas sarbaz Chess Cup зияткерлік сайысына барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардан 12-17 жас аралығындағы отыздан астам ұл мен қыз қатысты. Сайыс Швейцария жүйесі бойынша жылдам шахмат форматында өтті. 

Балаларды турнирдің аяқталуымен құттықтауға Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов, Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы академиясы факультетінің бастығы генерал-лейтенант Абай Тасболатов, Мемлекеттік күзет қызметінің ардагері запастағы подполковник Бақытгүл Баетова, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев және «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев келді.

«Шахмат – ақыл-ой мен шығармашылық қабілетті дамытып, тез шешім қабылдауға үйретеді. Жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезінде осы спорт түрін меңгергендігіне де назар аударады. Қазіргі қоғамға интеллектуалды дамыған, терең ойлайтын адамдар қажет. Ал, сіздер жастардың дәл осы қатарындасыздар», – деп атап өтті марапаттау рәсімінде Абай Тасболатов.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар, дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға