Жаңалықтар

Қарулы Күштердің тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Қарулы Күштердің тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларына өзгеріс енгізіледі
Фото: gov.kz 21.10.2023 13:32 404

ҚР Қарулы Күштері Әскери инфрақұрылымының бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нормативтік құқықтық құжаттың жаңа редакциясында Қарулы Күштердің тұрғын үй комиссияларының құрамынан гарнизон бастықтары шығарылады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 6 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14759015 сілтеме бойынша танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға