Жаңалықтар

Қарулы Күштердің әскери қызметшісі Tartyl Fest гранд-финалында жеңіске жетті

Елордада «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалы өтті
Қарулы Күштердің әскери қызметшісі Tartyl Fest гранд-финалында жеңіске жетті
Фото: gov.kz 19.02.2023 12:00 847

Қарулы Күштердің әскери қызметшісі Tartyl Fest гранд-финалында жеңіске жетті,  деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап. 

80 келіге дейінгі салмақта 30 жастан асқандар арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 85395 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Евгений Нам чемпион атанды. Спортшы қарсыласынан бір жаттығуда 52 рет тартылып, алға шықты. Бұл оның чемпиондық атақ үшін керемет қарқынды сайысқа түскенін көрсетеді.

Белтемірде тартылу – әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығының негізгі жаттығуы. Жарыс оңай болған жоқ. Барлығы оған қарқынды дайындалған. Өз мүмкіндігіңді қажымай көрсететін мықтылығың барын түсінгенің  де жақсы, – деп бөлісті Tartyl Fest гранд-финалының жеңімпазы Евгений Нам.

Жарыс ережесі бойынша жеңімпаздар үш миллион теңге, ал бірінші мен екінші орын алғандар да олжалы болды. Жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрады.

Еске сала кетейік, Астана қаласында «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалы өткен болатын. 27 жеңімпаз анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға