Жаңалықтар

Қарулы Күштердің әскери қызметшісі "Ел қорғаны" медалімен марапатталды

Қарулы Күштердің әскери қызметшісі  "Ел қорғаны" медалімен марапатталды
Фото: Қорғаныс министрлігі 16.12.2022 18:11 1526

Қарулы Күштердің әскери қызметшісін өрттен адамдарды құтқарғаны үшін медальмен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін "Ел қорғаны" медалімен марапатталды.Бүгін марапатты қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыстады. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Алматы қаласында Красногорская көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың бірінен өрт шыққан болатын. Әскери қызметші ол туралы таныстарынан естіп, ойланбастан оқиға орнына барған. Көрші ғимараттың отқа оранған  2-ші қабатын көрген сержант Жандос Барлыбаев терезе торларымен екінші қабатқа көтеріледі. Ол жерден 12-13 жастағы баланы, төрт айлық нәрестені алып шығып, сондай-ақ анасының жанып жатқан ғимараттан шығуына көмектесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға