Жаңалықтар

Қарулы күштердің 800-ден аса сарбазы ант берді

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді
Қарулы күштердің 800-ден аса сарбазы ант берді
Фото: ҚР ҚМ 11.12.2022 11:45 1229

Алматы, Жетісу, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында орналасқан әскери бөлімдерде 800-ге жуық жас сарбаз Отан алдында адал қызмет етуге серт етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері мен байланыс әскерлерінің кіші мамандарын даярлау жөніндегі оқу орталықтарын толықтырғандар үшін бұл ерекше есте қалатыны сөзсіз.

Әскерге шақырылған сәттен бастап бір ай ішінде әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтіп, әскери мамандықтарды игеруге кіріседі.

Әскери қызмет – өмір мектебі. Ол ер жігітті шыңдап, шымыр етеді және патриоттық сезімін қалыптастырады. Бұл жерде болашаққа пайдалы мамандық алатыныңыз да маңызды. Қиындықтардан қорықпай, үйреніңіз, тәжірибе жинап, алға ұмтылыңыз, – деді әскери бөлім командирі подполковник Асхат Ұлыбаев.

Анттан кейін бес ай ішінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері радиобайланысты ұйымдастыруға байланысты үш мамандық бойынша оқудан өтеді. Оқуды бітіргеннен кейін олар «3-сыныпты маман»  сыныптық біліктілігін және экономиканың нақты секторында сұранысқа ие әскери мамандық алады.

Әскери ант қабылдау рәсіміне келген меймандарды командирлер қызмет шарттарымен таныстырып, казармалар мен асханаларды, оқу сыныптарын көрсетті. Сондай-ақ қонақтарға жеке құрамның қойылымдары, концерттер, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмелері де ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға