Жаңалықтар

Қарулы күштерде парашюттік даярлық қағидалары бекітілмек

Қарулы күштерде парашюттік даярлық қағидалары бекітілмек
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.01.2024 10:51 738

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл құжаттың жобасы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 159) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлықтың тәртібін айқындау, сондай-ақ 32039 әскери бөлім бөлімшелері жеке құрамының оқу, оқу-жауынгерлік және арнаулы міндеттерді орындауы үшін жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техника мен жүктердің тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 24 қаңтарына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14889597 сілтеме арқылы танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға