Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың business Skills Park-та ЖОО докторанттарының Obuda Universiti (Венгрия) PhD докторы Amir Mosavi-мен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Amir Mosavi шетелдік басылымдарда жариялануды қажет ететін докторанттарға тегін негізде қалай жасалатынын айтты. Бұл үшін оларға не қажет және қандай талаптар қойылатындығы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Докторанттар Хирш индексі бойынша өте жоғары позицияны иеленетін, әртүрлі шетелдік ғылыми басылымдарда 200-ге жуық жарияланымы және әлемнің ондаған елдерінде ғылыми семинарлар өткізу тәжірибесі бар адамның аузынан тікелей естіді.
Amir Mosavi ғылыми басылымдарда жарияланымдарды орналастырудағы бай тәжірибесімен кеңінен бөлісті және кездесу соңында қатысушылар қойған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Бұдан былай докторанттар өздерінің ғылыми еңбектерін жоғары рейтингті шетелдік басылымдарда жариялауға қатысты мәселелерді әлдеқайда жақсы шеше алатынына күмән жоқ.
ҚарТУ-де ЖОО докторанттары Obuda Universiti (Венгрия) PhD докторы Amir Mosavi-мен кездесті
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?