Жаңалықтар

Қарттарға арналған іс-шараларға 468 мыңнан астам адам қатысты

Қарттарға арналған іс-шараларға 468 мыңнан астам адам қатысты
Фото: © Pixabay.com 01.11.2023 18:33 417

2023 жылдың қазан айында республиканың барлық өңірлерінде Қарттар күніне орайластырылған және аға ұрпаққа қамқорлық, құрмет пен ізет көрсетуге бағытталған іс-шаралар өтті. Оған 468,3 мыңнан астам зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар қатысты.

Қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында республика бойынша мәдени-қоғамдық және спорттық іс-шаралар (скандинавиялық серуендеу бойынша марафондар, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және т.б. бойынша турнирлер), сондай-ақ барлық ерекше қамқорлықты қажет етушілердің қатысуымен түрлі конкурстар мен кездесулер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп, онда жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға ерекше назар аударылды, оларға азық-түлік жиынтығы, жөндеу жұмыстарын жүргізу және т. б. сияқты көмек түрлері көрсетілді

Медициналық мекемелерде ұйымдастырылған «Ашық есік күндері» аясында кешенді медициналық тексерулер жүргізілді.

Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде ұзақ жасаған қарттарға естелік сыйлықтар табысталды.

Кейбір өңірлердегі қарттардың әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар аясында түрлі тарихи орындарға экскурсиялар, туристік сапарлар ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға