Жаңалықтар

Қарттар үйіне барған Айдарбековтер отбасы жұрттан оңбай сөз естіді

Қарттар үйіне барған Айдарбековтер отбасы жұрттан оңбай сөз естіді
Фото: Видеодан кадр 01.12.2023 22:01 98173

Елімізге белгілі танымал жұп Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер қарттар үйіне барып, конерт қойып, сыйлық үлестірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарты бар үйдің қазынасы бар. “Неменеге қуанасың, бала батыр, қариялар азайып бара жатыр” деген сөздерден-ақ қазақ халқы қариясын қалай құрметтегенін көре аламыз. Осындай мәдениеті бар қазақта, қарттар үйі қайдан пайда болды?! Балаларын өсіріп енді солардың қызығын көреміз, еңбегіміздің зейнетін көреміз дегенде көздері мөлейіп, өздерінің "балаларым келе ме, келмей ме?" деп күтіп отыр. Қарттардың батасын алып қайттық. Елімізде қарттар үйі азайсын, әрбір қарт өз үйінің қазынасы болып отырсын!, – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары өнерлі отбасының қайырымдылық шарасына қолдауларын білдірді. Дегенмен, сынап, мін таққандар да жетерлік.

“Дастархан жайып, құран оқыту керек еді. Бір жапырақ орамал бергенше жанына тәтті қосып беру керек еді” деп жазған желі қолданушысына продюсердің жауабы төмендегідей болды.

Сіз де пендесіз, біреуден мін іздегенше, тура мен сияқты бас пен қол, аяғыңыз, көз бен құлағыңыз бар, неге барып дастархан жаймайсыз. Менен көрі ақылды екенсіз, ақылды адамның табысы да мықты болуы керек, барыңыз сіз де. Есіңізде болсын, адамдарда жан азығы, рухани байлық деген болады, әңгіменің бірі тамақта емес. Биледі, көңіл көтерді, балаша қуанды. Мал сойып, құран бағыштап жесін деп көрсетпей де беріп жүреміз, бірақ Алла разылығы үшін, оны сіз көрмеуіңіз мүмкін, – деп жауап берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Айта кетейік, жақында кенже ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні шетелге көшетінін мәлім еткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға