Жаңалықтар

Қартаймайтын Пепе тағы бір рекорд орнатты

Қартаймайтын Пепе тағы бір рекорд орнатты
Фото: instagram.com/official_pepe 08.11.2023 16:50 1336

Португалия ұлттық құрамасының ойыншысы Пепе Чемпиондар Лигасында тағы бір рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Чемпиондар Лигасының 4 туры аясында "Порту" "Антверпен" клубын қабылдаған болатын. Аталған ойында португалиялық ұжым қонақтарды 2:0 есебімен тізе бүктіріп, жеңісті голды команда қорғаушысы Пепе өз есебіне жазды.

Ол 40 жас 254 күнде гол соғып, бұл арқылы италиялық шабуылшы Тоттидің "ЧЛ-дағы гол авторы атанған ең жасы үлкен ойыншы" рекордын жаңартты. 

Оған қоса, Пепе 40 жаста 211 күн уақытта өнер көрсеткен шотландиялық Дэвид Харенің рекордын жаңартты. "Антверпен" клубына қарсы өткен матчта Пепенің жасы - 40 жас 254 күнді құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға