25 тамыз күні кешкі уақытта Тұран АПБ-ның 102 арнасына Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді.
Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
"Қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған". Шымкенттік азамат танысын өлтіріп қойды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер