Жаңалықтар

Қарқарары орманына найзағай түсіп, өрт шықты

Қарқарары орманына найзағай түсіп, өрт шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 06.07.2023 15:44 751

Қарқаралы ормандарында тұтанған өртті орманшылар дер кезінде байқап, сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау  кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды. 

Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен «Қазәуеорманкүзеті» күштерімен сөндірілді. Өрттің шығуына найзағай себеп болған, - деді Қарағанды облыстық ТЖД мамандары. 

Осы ретте Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға