
Қарқаралыдағы полигонда Геологиялық универсиаданың жеңімпаздары анықталды
II Қазақстандық геологиялық Универсиада «Сәтпаев» өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Satbayev University бастамасымен және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қолдауымен II Қазақстандық геологиялық Универсиада «Сәтпаев» табысты өтті.
Іс-шараның негізгі алаңы — А. Сәгінов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қарқаралы қаласындағы «Политех» оқу-геологиялық полигоны болды.
Универсиада еліміздің барлық өңірлерінен келген студенттерді, магистранттарды, оқытушыларды және сала мамандарын тоғыстырды. Бұл іс-шара геологиялық ғылымға деген қызығушылықты арттыруға, тәжірибе алмасуға және болашақ мамандардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
II Геологиялық Универсиаданың жеңімпаздары:
• I орын — Семей геологиялық барлау колледжі
• II орын — Назарбаев Университеті
• III орын — Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ).
Жеңімпаздарға дипломдар, сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Satbayev University ректорының атаулы гранты мен ҚР ӨҚМ Геология комитетінің алғыс хаттары берілді.