Жаңалықтар

Қарқаралы аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты

Қарқаралы аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты
Фото: gov.kz 29.03.2023 16:52 519

29 наурыздағы жағдай бойынша Қарқаралы ауданы аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендерді су басу және жолдардан су тасу тіркелген жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Аудан аумағының 40 пайызға жуығында қар жатыр. Су өткізгіш құбырлар мен көпірлерді тазалау бойынша жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. Барлығы 625 су өткізгіш құбырлары және 14 көпір. Тұрғын үй секторынан 28487 текше метр қар шығарылды. Елді мекендерде 8,4 шақырым су қашыртық траншеялар кесіліп, 6,06 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Су шаруашылығы құрылыстарындағы автоматты су төгетін құрылыстар толық көлемде тазартылды.

Су тасқыны кезінде мұз кептелістерінің пайда болын болдырмау мақсатында Тегісшілдік ауылдық округі Жарлы өзенінде  мұздарды ұсақтау үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді жалпы аумағы 650 ш.м. құрады.

Барлық елді мекендерде су тасқыны кезеңіндегі ережелер мен іс-шараларды түсіндіру бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 5 мыңнан астам адамды қамти отырып 38 жиын өткізілді. Тұрғындарға 5 мыңнан астам дана парақшалар тапсырылды. Ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға