Жаңалықтар

Qarmet компаниясының стратегиялық сессиясы өтті

Qarmet компаниясының стратегиялық сессиясы өтті
Фото: Әлеуметтік желіден 13.01.2024 20:48 607
Теміртауда Qarmet компаниясының стратегиялық сессиясы ашылды. Оған компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері - Болат, Темір рудасы және Көмір департаменттері басшылығы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысының өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап. 
Мемлекет кәсіпорынға отандық инвестордың кіруін айқындады. Ал отандық инвестор - бұл сіз бен біз. Өйткені, инвестиция тек қаржы салу немесе менің жеке қалауым емес. Инвестиция деген сіздердің уақыттарыңыз, біздің ортақ мұратымыз және бірлескен жұмысымыз. Сіз бен бізде, ең алдымен, өзіміздің кемелденгенімізді дәлелдеуге және компанияны Республиканың өнеркәсіптік индустриясының көшбасына шығаруға үлкен мүмкіндік бар", - деп атап өтті компания акционері Андрей Лаврентьев алғы сөзінде.
Сессияның 2024 жылғы мақсат мен міндеттерге назар аударуын диалог алаңының модераторы - McKinsey&Co компаниясының бұрынғы серіктесі және "Триада" компаниясының басқарушы серіктесі Сергей Заборов белгіледі.
Qarmet-те болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарларды синхрондау аса маңызды. Осыған іске жұмсаған біздің уақытымыз бұл компанияның үлкен инвестициясы. Мен бұл уақытты біз тиімді пайдаланамыз деген сенімдемін, - деді ол. 
Компанияның бас директоры Вадим Басин барлық өндірістік жоспарларда биыл көңіл көншітер сандар бар екенін атап өтті.
Металлургия өндірісін 13%-ға 3,3 млн тоннаға дейін, темір кені концентратын өндіруді 10%-ға 2,5 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Алайда көмір өндіру көлемін 2%-ға төмендетуді қабылдадық. Айта кету керек, 2023 жылы компанияның өндірістегі көрсеткішіне сын тағылды. Енді біз оң нәтижеге қол жеткізуіміз керек", - В.Басин. 
Стратегиялық сессия екі күнге созылады. Осы аралықта Qarmet бөлімшесінің барлық жұмыстары егжей-тегжейлі қамтылады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға