Жаңалықтар

Qarmet биылғы алғашқы тоқсанда тағы екі шахта ашылатынын атады

Qarmet биылғы алғашқы тоқсанда тағы екі шахта ашылатынын атады
Фото: © Pixabay.com 15.01.2024 05:33 637
Qarmet компаниясы бұрынғы АрселлорМиттал Теміртау шахталарының қазіргі жағдайы мен 2024 жылға арналған жоспарлары туралы айтты. Шахталар бұрын қабылданған шешімдердің салдарынан бүгінгідей күйге түскен. Бұл туралы көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңа инвестор келген кезде компанияда тек 5 лава, 11 ұңғыма бригадасы жұмыс істеді. Шахталар бұрын қабылданған шешімдердің салдарынан бүгінгідей күйге түскен. Оған түсініктеме беру қиын. Мысалы, 2021 жылдан бастап Тентек шахтасы тоқтап тұр. Сонымен қатар көп мөлшерде қымбат жабдықтар сатып алынды. Олардың барлығы сипаттама талаптарына сай келмейді, - деді Мұхамеджанов.
Ол бүгінгі күні еңбек қауіпсіздігіне баса назар аударудың арқасында жағдайды кезең-кезеңімен тұрақтандыру іске асырылып жатқанын атап өтті.
Жаңа саясат арқылы біз жұмыс тәжірибесіне қажетті өзгерістерді енгізе аламыз. Желтоқсан айында ұңғыма жұмыстарын бастадық. Барлығы – 23 бригада. Ұңғымасыз шахталардың болашағы жоқ. Абай шахтасын іске қостық. Бірінші тоқсанда тағы екі шахта ашуды жоспарлап отырмыз. 2024 жылға арналған жоспарлар айтарлықтай зор демесек те, тоқыраудан шығамыз", - деді ол.
"Қазақстан" шахтасының директоры Владимир Шнель кеніштегі жағдайды баяндады. Ол шахтада қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылға қарай екі лаваның болуына мүмкіндік беретін, бірнеше кезеңде көмір өндіруді қайта жандандыруға жол ашатынын атап өтті.
Ленин атындағы шахта директоры Валерий Хан 2024 жылы 1,2 млн тонна көмір өндірледі деп оң болжам жасады. Сонымен қатар, ұңғыма 37%-ға артады. "Саран" шахтасында биыл 1,3 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отыр, - деді кеніш директоры Сергей Банмиллер.
Аталған межеге жету үшін 2024 жылы екі лава іске қосылады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға