Жаңалықтар

Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілді: Ақтөбеде 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілді: Ақтөбеде 100-ге жуық адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ 30.03.2023 19:00 887

Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша ұжымдарына үлкен қауіп төнді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарғалы өзенінің су деңгейі көтеріліп, қала тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Облыстық ТЖД қызметкерлері 95 адамды эвакуациялады. Оның 40-ы бала. Қазіргі кезде бұл жұмыс жалғасып жатыр. Эвакуация жұмыстарына 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары да жұмылдырылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменованың айтуынша, қазіргі кезде саяжайда орналасқан үйлердің ауласын су басқан.

Биыл екі есе көп қар жауды. Қазір Жаман Қарғалы өзені толып, күн жылығанда тысқын болып жатыр. Тұрғындарға айтарымыз, Қарғалы су қоймасы ашылған жоқ. Оның резерві бар, - деді қала әкімі Мұрат Жөребеков.

Адамдар олимпиада резервтерін даярлау спорт мектебі мен колледж жатақханасына орналастырылды.

66/55 әскери бөлімінің жедел батальонының жеке құрамы аталған аудандардағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмылдырылды. Әскери қызметшілер көшелер мен аулаларды топырақ пен құммен күшейтті. Сонымен қатар су басқан тұрғын үйлердің ауласы мен жолдар тазартылды, - деді 6655 әскери бөлімінің штаб бастығы Дәурен Жағыпаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға