Қараша айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Қараша айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: AI көмегімен жасалды

Қараша айында қазақстандықтарды қосымша демалыс күндері күтіп тұрған жоқ. Күздің соңғы айында мемлекеттік мерекелер болмағандықтан, тұрғындар тек сенбі және жексенбі күндері демалады. 

Қарашада қанша күн жұмыс істейміз?

2026 жылдың қараша айында 30 күн бар. Оның тоғызы демалыс күндеріне сәйкес келеді. Алайда демалыс саны жұмыс кестесіне байланысты өзгереді. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 21 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады. Демалыс күндері 1, 7, 8, 14, 15, 21, 22, 28 және 29 қарашаға түседі.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 25 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады. Бұл кестемен жұмыс істейтіндер 1, 8, 15, 22 және 29 қарашада демалады.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылдың қарашасында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні болған. Ал 2024 жылы 9 күн, 2023 жылы 8 күн демалыс берілген.

Қазан айында қалай демаламыз?

Қарашадан айырмашылығы, қазан айында қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 26 қазанға ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында тұрғындар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 24 және 25 қазан демалыс болады. Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 6 демалыс күні қарастырылған.

Мереке күндері жұмыс істегендерге ақы қалай төленеді?

Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шыққан қызметкерге қосымша ақы төленуі немесе оның қалауы бойынша басқа күні демалыс берілуі тиіс.

Қосымша төлем мөлшері қызметкердің күндік немесе сағаттық жалақысының кемінде 1,5 есесін құрайды.

Сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерді оның жазбаша келісімінсіз демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шығуға мәжбүрлей алмайды. Дегенмен заңда мұндай келісім талап етілмейтін жекелеген жағдайлар қарастырылған.

Оқи отырыңыз