Жаңалықтар

Қарақшылар ауыл тұрғынының үйінен 40 миллион теңге ұрлап кеткен

Қарақшылар ауыл тұрғынының үйінен 40 миллион теңге ұрлап кеткен
Фото: © Polisia.kz 19.10.2023 11:23 1121

Алматы облысының полицейлері қарақшылық шабуылдың барлық қатысушысын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

8 қазанда Жамбыл ауданы ПБ-ға үш адамнан тұратын белгісіз қарулы адамдардың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде үш күдіктіні ұстады.

Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы “Қарақшылық” бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға