Жаңалықтар

Қарақат Әбден шетелдіктермен некелескендерге салық салуды ұсынды

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр
Қарақат Әбден шетелдіктермен некелескендерге салық салуды ұсынды
Фото: baq.kz 11.11.2022 21:45 2553

Пікірсайыстың үшінші ранундында Қарақат Әбденге «Қазақ қыздарының шетел асып, өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шығуына көзқарасыңыз қандай? Мұны шектеуге бола ма?» деген бейнесұрақ қойылды, деп хабарлайды, El.kz.

Бұл сұраққа «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық альянысы» бірлестігі атынан президенттікке кандидат Қарақат Әбден былай деп жауап берді:
«Бұл – өте күрделі сұрақ. Жақында ғана маған осы сұрақ Қызылорда облысында қойылған еді. Әрине жастар мұндай қадамға шынайы, таза сезімімен барса, онда «Бақытты болыңдар!» деп айтқым келеді. Бірақ өкінішке орай, бұл қадамға басқа есеппен баратын жастардың саны көбейіп барады. Шетелдік өмірге қызығады, еліктейді дегендей. Бірақ біз бұл мәселеге кеңінен қарауымыз керек. Өзіміздің ұлтымыздың болашағын, ұлттық дәстүрімізді сақтап қалуды ойлауымыз қажет. Мен ылғи да «Қазақтың қызы – елдің тұмары!» деймін. Бұл тұмарды шетелге беріп қалай отырамыз? Сондықтан да бір ұсынысым бар. Шетелдіктермен некелескен кезде үлкен салық салу керек. Сонда ғана мүмкін қыздар мен олардың ата-аналары ойланатын шығар. Біз әрқашанда осындай үлкен мәселелерде ел болып ұйысып, ұрпағымызды ойлауымыз керек», - деді Қарақат Әбден.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға