Қарақат Әбден “Ауыл” партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түседі
Фото: El.kz
Фото: El.kz
14.02.2023 10:53
2986
Қарақат Әбден “Ауыл” партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы орынбасары Анас Баққожаев айтты. Оның айтуынша, Қарақат Әбден жыл басында партия мүшелігіне өткен.
Сондай-ақ Анас Баққожаев ОСК-ға ұсынған партия тізімінде қоғамның түрлі саласының өкілдері бар, бірақ көпшілігі ауыл шаруашылығы өкілдері екенін айтты.
“Біздің ұсынған 25 адам. Бір мандаттық жүйе бойынша 9 адам бар, жалпы 34. Олар 42 саланың өкілдері. Негізгі 40-50%-ы нағыз еңбек адамы, өндірісте жүрген кәсіпкерлер. Білім саласы, спорт саласы, медицина саласынан да бар”,- деді Анас Баққожаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны 5,6% құрады
Келесі жаңалық
Алматыда 57 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды