Жаңалықтар

Қарағандыдағы жол апатынан 3 адам көз жұмды

Қарағандыдағы жол апатынан 3 адам көз жұмды
Фото: видеодан алынған кадр 19.10.2023 12:15 562

Қарағанды облысында болған жол апатынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, үш адамның өмірін жалмаған жол апаты 19 қазан күні сағат 02:00 шамасында Қарағанды облысы Шет ауданында Қарағанды – Балқаш тас жолының Ақжал кентінен 10 шақырым жерде болған.

Chevrolet Cobalt автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қарағандыдан Балқашқа қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша, ұйықтап кетіп, жолдың қарсы бағытына шығып, 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Mercedes Actros жүк көлігіне соқтығысқан. Жол -көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – деді Шет аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қуаныш Қажкеров.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлерімен оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға