Жаңалықтар

Қарағандыда жүрек ауруы бар науқасты емдеуге арналған құрылғы әзірленді

Қарағандыда жүрек ауруы бар науқасты емдеуге арналған құрылғы әзірленді
Фото: Қарағанды NIS 24.03.2023 16:42 797

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің тоғызыншы сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы құрылғы әзірледі. "Импланталатын кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі" жобасы Астанада өткен байқауда I орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жұмысты сәтті қорғағаны үшін Алдиярға Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты берілді.

Қарағандыда жүрек ауруы бар науқасты емдеуге арналған құрылғы әзірленді

Біздің құрылғы тері астына имплантацияланады, ал электродтар қан тамырлары арқылы жүрекке орнатылады. Құрылғы аурудың түрін бірден анықтайды және арнайы электрлік импульстарды жібереді. Бұл импульстар жүрек бұлшықеттеріне әсер етеді, олардың жұмысын тежейді немесе тездетеді, – деді Алдияр.

Кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі тахикардияны, брадикардияны және қарыншалар фибрилляциясын емдеуге көмектеседі.

Алдияр жобаны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Наурыз кездесулерінде таныстырды. Биылғы жылы биомедицина, инженерия және технологиялар байқауына алты секцияда 100-ге жуық жоба қатысты. Қарағандылық оқушылардың жұмысы "Ақылды" протездер мен олардың элементтерін жасау" санатында үздік деп танылды. Экзо және эндопротездеу.

Қарағандыда жүрек ауруы бар науқасты емдеуге арналған құрылғы әзірленді

Қарағанды NIS-тің тағы бір оқушысы – Ұлан Мұстафин "Адам ағзасының функционалдық жай-күйін мониторингілеуге арналған аппараттық-бағдарламалық құралдар" секциясында 3-ші орынды иеленді.

Наурыз кездесулерінде Қарағанды NIS оқушылары барлығы бес жобаны ұсынды.

Қарағандыда жүрек ауруы бар науқасты емдеуге арналған құрылғы әзірленді

Олардың арасында "Аяқ-қолдары әртүрлі адамдарға арналған роботталған табан",

Қарағандыда жүрек ауруы бар науқасты емдеуге арналған құрылғы әзірленді

"Сіңдіру әдісімен біріктірілген дәрілік гидрогель",

Қарағандыда жүрек ауруы бар науқасты емдеуге арналған құрылғы әзірленді

"Бүкірлікпен күресуге арналған Postrue құрылғысы және мобильді қосымшасы" бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға