Жаңалықтар

Қарағандыда жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 4 бөлмелі пәтер берілді

Қарағандыда жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 4 бөлмелі пәтер берілді
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі 05.08.2023 09:17 974

«Халық» қайырымдылық қоры Теміртау балалар ауылының түлектеріне жасөспірімдер үйін сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді жетім балалар онда өмір сүрп, қала өміріне ауыртпалықсыз кірісе алады. Жаңа Жасөспірімдер үйі Қарағандының Оңтүстік-Шығысында орналасқан. «Халық» қайырымдылық қоры ол үшін тұрғын үй кешендерінің бірінде төрт бөлмелі пәтер сатып алды. Жаңа отбасылық үйдің ауданы – 140 шаршы метр.

Ыңғайлы Жасөспірімдер үйінде 16 жастан 18 жасқа дейінгі жеті бала тұрады. Олар Қарағанды колледждері мен жоғары оқу орындарында оқиды. Осындай балалар үшін жасөспірімдер үйлерін аша отырып, біз оларды қалалық ортаға үйреткіміз келеді, - деп атап өтті "Халық" ҚҚ басқарушы директоры Нариман Әбілшайыхов.

Жасөспірімдер үйіне көшу қоғамға бірқалыпты әлеуметтену мен интеграцияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түлектер тәлімгерлердің бақылауымен өмір сүреді. Үйдің жанында барлық қажетті инфрақұрылым бар.

Үлкен қалаға көшу – бір кездері ата-анасының назарынан тыс қалған жастардың әлеуметтенуі мен өз бетінше өмір сүруі үшін жасалған маңызды қадам. Жасөспірімдер үйінде жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай бар: тұрмыстық техника мен жиһаз, - деп атап өтті "SOS Қазақстан Балалар ауылдары" корпоративтік қорының Ұлттық директоры Гүлжан Асанова.

Үйдің жанында дүкендер, дәріханалар, аялдамалар, саябақтар бар. Бірақ басты артықшылығы – оқу орындарына небәрі 20 минут ішінде жетуге болады.

Қор жетімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниеттеніп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға