Жаңалықтар

Қарағандыда жел балалар ойнап жүрген алаңдағы жабындыны ұшырып әкетті (видео)

Қарағандыда жел балалар ойнап жүрген алаңдағы жабындыны ұшырып әкетті (видео)
Фото: Видеодан кадр 19.06.2023 17:38 1030

Қарағандыда дауыл балалар алаңын ұшырып әкетті. Бұл туралы ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Салдарынан сол жерде ойнап жүрген бала ұшып кетті. Оқиға Голубые пруды, 11/12 шағын ауданында болған.

Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қатты дауыл соққанда аулада үш бала ойнап жүрген. Жел балалар ойнап жүрген жабындыны ұшырып әкетті. Бір бала ұшып кетіп, сонан соң үйдің маңына құлаған, - деп хабарлайды басылым.

Балаларға ересектер көмекке келген. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жедел жәрдем бір баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізгенін мәлімдеді.

Ауруханаға түскендегі жағдайы қанағаттанарлық. Бала есін біледі, бірақ қорқып қалған. Ол тексеріліп жатыр, - деді ведомстводағылар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға