Жаңалықтар

Қарағандыда жастар арасында дзюдодан ел чемпионаты өтеді

Қарағандыда жастар арасында дзюдодан ел чемпионаты өтеді
Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы 18.09.2023 19:08 464

Қарағанды қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жастар арасында айтулы бәсекесі 19 қыркүйек күні басталады. Қанат Байшолақов атындағы дүбірлі сын таңертеңге 10:00-де өз жалауын көтереді деп күтіліп отыр.

Ел чемпионатының алғашқы күнінде қыздар -48 -52, -57 келіде сынға түссе, ерлер санаты бойынша татами шеберлері -60, -66, -73 келіде өзара мықты анықтамақ. Ал финалдық сында 17:00-де басталады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға