Жаңалықтар

Қарағандыда жаңа емхана ашылды

Медициналық мекеме 30 мың тұрғынға есептелген
Қарағандыда жаңа емхана ашылды
Фото: ortalyq.kz 18.12.2022 04:05 1089

Қарағандыда жаңа емхана іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ortalyq.kz cайтына сілтеме жасап.

 Жаңа жылдан бастап жұмысына кірісетін № 15 емхана 30 мың тұрғынға есептелген.

Аудан кеңейіп, жаңа тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жас отбасылар да көп. Әрине, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар үшін жаңа емханалар ашылуда. Біздің мекеме 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Қазір халықты тіркеу науқаны жүріп жатыр, – деді № 15 емхананың директоры Роза Разиева.

Дәрігерлерге ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға МРТ, КТ, рентген, маммограф, флюорограф, бес ультрадыбыстық аппарат көмектеседі.

Емханада күндізгі стационар, амбулаториялық хирургия орталығы, педиатрия бөлімшесі және әйелдер денсаулығы орталығы жұмыс істейді деп күтілуде. Мұнда отбасын жоспарлау кабинеті мен жүкті әйелдерге арналған мектеп ашылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ медициналық мекемеде кардиологиялық, неврологиялық және травматологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді кешенді оңалту мүмкіндігі пайда болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға