Жаңалықтар

Қарағандыда уланып, ауруханаған түскен 5 бала ем алуда

Қарағандыда уланып, ауруханаған түскен 5 бала ем алуда
Фото: gov.kz 01.09.2023 01:28 499

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Қарағандыға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барып, зардап шеккен балаларға - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсету барысымен танысты.

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан түскен 14 баланың 5-і бүгінде ем алуда. Оң динамикасы бар балалар, естері анық, ерте оңалту жүргізілуде.

А. Ғиният бөлімшелерге барған кезде жас пациенттердің денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті. Балаларды емдеу тәсілі республикалық мамандармен үнемі бақыланады.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың жағдайына және оларға медициналық көмек көрсетуге тұрақты мониторинг жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға