Жаңалықтар

Қарағандыда теракт болатыны туралы хабарланды

Қарағандыда теракт болатыны туралы хабарланды
Фото: © Pixabay.com 12.02.2024 11:31 323

Әлеуметтік желіде Қарағандыда теракт болатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайтқа қатысты облыстық Полиция департаменті пікр білдірді:

Қазіргі таңда құзыретті органдармен ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау үшін жедел шаралар өткізіп жатырмыз. Білім ордаларындағы қауіпсіздікке жіті мән беріліп жатыр.

Осыған ұқсас жалған хабарламалар Қазақстанның бірқатар өзге қаласында және көрші елдерде тараған. Бұл – тұрғындарды даурықтыру үшін жасалған әрекетт. Азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Жағдай толықтай бақылауымызда, - делінген мәліметте.

Қарағандыда теракт болатыны туралы хабарланды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға