Жаңалықтар

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz 31.10.2022 10:02 1348

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті тәулік ішінде ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 қазан күні сағат 17.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілді.

Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің такси жүргізушісі болып жұмыс істегені анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол жүргізушіге жол ақысына келіспеушілік барысында пышақ жарақатын салғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Кейін күдікті таксиді айдап кетіп, ЖБИ ықшам ауданына барар жолдағы теміржол өтпесінің жанына тастап кеткен. Қылмыс қаруы – пышақ тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға