Жаңалықтар

Қарағандыда қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Қарағандыда қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталды
Фото: elorda.info 19.12.2022 16:31 1120

Қарағандыда қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды.

Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді.

Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға