Қарағандыда Қарулы күштердің оқу-әдістемелік жиыны өтті

Қарағандыда Қарулы күштердің басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара қазіргі жағдайда әскерлерді жұмылдыру тәсілдерін өзектендіруге арналған. Жиынның мақсаты қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жұмылдыру дайындығына бірыңғай көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен әскери-ғылыми конференция ұйымдастырылған.
Онда офицерлерді даярлаудың жаңа әдістері, жұмылдыруды басқару жүйесін жетілдіру жолдары, сондай-ақ әскерлерді жұмылдыру ресурстарымен толықтыру мәселелері талқыланды. Әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруға және жауынгерлік үйлестіруге ерекше назар аударылады.
Жиынның практикалық бөлігі оқу орындарында өтті. Қатысушылар жауынгерлік әзірлікке келтіру, адам және көлік ресурстарын жұмылдыру, сондай-ақ техниканы сақтаудан шығару іс-қимылдарын пысықтады.
Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қарулы қақтығыстардың жаңа тәжірибесі бағдарламаның негізі болғанын, бұл әскерлерді оқыту мен басқарудың заманауи тәсілдерін жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
