Жаңалықтар

Қарағандыда көп қабатты үйдің шатырынан өрт шықты

Қарағандыда көп қабатты үйдің шатырынан өрт шықты
Фото: ТЖД-нің баспасөз қызметі 21.05.2023 17:22 720

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, құтқарушылар 15 адамды қауіпсіз ерге шығарды, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Тілсіз жау шамамен 900 шаршы ауданды қамтыған. Өрт туралы хабарлама диспетчерлік пультке бүгін сағат 14:59-да түскен.

Тұрғындар А.Бөкейханов ауданында 11-ші орамда орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққанын хабарлады.

5 қабатты тұрғын үйде ашық жалынмен шатыр торлары жанып жатыр. От шарпыған алаң шамамен 900 шаршы метрді алып кетті. ТЖД күштерімен 15 адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері жұмылдырылды, - деп хабарлады өңірдегі ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға