Жаңалықтар

Қарағандыда киік аулаған браконьер ұсталды

Қарағандыда киік аулаған браконьер ұсталды
Фото: © Polisia.kz 18.01.2024 12:16 486

Қарағандыда киік аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

16 қаңтар күні Қарағанды облысы полиция департаменті және Абай аудандық полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері “Аңшылық Крафтметиз” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорықшыларымен бірлесіп заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Сағат 21:00 шамасында полиция қызметкерлері Жезқазған – Қарағанды тасжолының бойында жол шетіне тамған қан іздерін көріп, онымен жүріп отырып, сол маңға жақын ауылға келген.

Жол шетіне тамған қан және көлік ізі полицейлерді ауылдың 65 жастағы тұрғынының үйіне әкелген. Полиция қызметкерлерімен үй иесіне тиесілі үйге жапсарлас орналасқан қораны тексеру барысында киік еті тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол жол бойынан әлсіреп қалған киікті көріп, қалтасындағы пышағымен сойып алған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға