Жаңалықтар

Қарағандыда газ жарылып, екі адам зардап шекті

Олар қазір ауруханада жатыр
Қарағандыда газ жарылып, екі адам зардап шекті
Фото: Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 21.01.2023 22:30 1218

Қарағанды қаласында газ жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қаңтар күні сағат 18:51-де Қарағанды қаласы, Щорса көшесі, 37 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде газ баллоны (көлемі 5 л) жанбай жарылып, одан кейін №6 пәтер (2-қабатта) мен жартылай №4, 5 (2 қабатта) және 3 пәтерде (1-қабатта) алдын ала алаңы 36 шаршы метр аумақта ағаш төбесі мен қалқалар опырылған. Салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел адам дене жарақатын алып, күйік шалып Қарағанды қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды. Оқиға орнына ТЖД күштері (36 қызметкер мен 8 техника) жұмылдырылған, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қарағандыда газ жарылып, екі адам зардап шекті

Құтқарушылар құлау қаупі бар құрылыс бөлшектерін демонтаждау бойынша жұмыс жүргізді.

Қала әкімдігі подъезд тұрғындарына жатақханадағы орындарды ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға