Жаңалықтар

Қарағандыда екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр

Қарағандыда екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігі 16.03.2024 12:48 397

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде. Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне слітеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әр түрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады. Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген. 

Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен жеке құрамды даярлауды барынша толық қамтамасыз етеді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Ержан Ыбыраев. 

Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды. 

Айта кетейік, жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығу 19 наурызда аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға