Жаңалықтар

Қарағандыда бұрынғы полицей өзін атып өлтірді

Қарағандыда бұрынғы полицей өзін атып өлтірді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 12.06.2024 13:01 821

Қарағандыда бұрынғы полицей өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде бұрынғы полиция қызметкерінің балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып, үйіне қайтып келіп, өзін атып тастағаны туралы хабарлама пайда болды.

Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

10 маусымда Қарағандыда өз үйінің ауласынан өз қаруынан оқ атқан 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Факті полицияда тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға