Жаңалықтар

Қарағандыда балабақша меңгерушісі мен супермаркет иесіне айыппұл салынды

Қарағандыда балабақша меңгерушісі мен супермаркет иесіне айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰҚАТОВ 06.07.2024 05:24 562

Қарағанды облысында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін балабақша меңгерушісі, сумен жабдықтау ұйымының директоры, мейрамхана мен супермаркет иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында өңірде тұрақты негізде рейдтер өтуде. Тәртіп сақшыларымен бірге көшеге әкімдердің кеңесшілері, сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің мамандары шығады.

Әкімдіктің мәліметінше, абаттандыру ережелеріне сәйкес ғимараттан, қоршаудан 5 метр қашықтықта іргелес аумақты таза ұстау қажет. Жеке сектор мен кәсіпкерлік нысандарын аралау заңсыз полигондарды анықтауға септігін тигізеді. Құқық бұзушылармен алдымен сөйлеседі, егер олар белгіленген мерзімде өз аумағын ретке келтірмесе, оларға айыппұл салынады.

Бірнеше рет ескертуден кейін облыстың бірқатар ұйымдарына айыппұл салынды. Ұқыпсыздар қатарына тұрғын үйлерге, бөбекжайға, мейрамханаға, супермаркетке, құрылыс алаңына және т. б. су беретін коммуналдық кәсіпорындардың бірі кірді.

Қарағанды облысы ПД ақпараты бойынша, кінәлілердің әрқайсысына 369 200 теңгеге дейін айыппұл салынды. Егер белгіленген мерзімде аумақ ретке келтірілмесе, жаза сомасы ұлғаяды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға